Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Павлодарда  200 үй жерасты суынан зардап көріп отыр

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы 2-ші қала аумағындағы 8 көшенің бойындағы жеке тұрғын үйлерге су кіріп кеткен.

Павлодарда  200 үй жерасты суынан зардап көріп отыр

Тұрғындардың айтуынша, қазір бос қалған 15 үйдің құлап қалуы да мүмкін. Жыл сайын көктемде аулаларды, бақшаларды су басып қалады. Тұрғындар бұл аумақта Төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр. Бірақ, департамент өкілдері «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес, үйлерді су басып қалу жағдайын төтенше жағдай еместігін айтуда. Тұрғындар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қорытындысымен келіспейді.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, қазір арнайы штаб құрылды. Әкімдік, коммуналдық қызмет өкілдері, депутаттар мен тұрғындар үйлерді аралап, қажетті заттардың тізімін жасауда. Жергілікті кәсіпкерлер 20 тонна цемент, 40 тонна көмір, ағаш беруге әзір. Ал «Гидрогеология» ЖШС-ы жерасты суының мөлшерін бақылап, суды тартып шығаратын ұңғымалар қазып жатыр. Көшелерге кәріз жүйесін салу бойынша жобалау құжаттарын әзірлеу үшін 10 миллион теңге керек. Бұл жұмыс тек қазан айында ғана басталады.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»